747ЖАС АҚЫНЫМЫЗ ДОДА ТӨРІНДЕ!
    «Зоотехника» мамандығының 1 курс студенті, жас ақынымыз Күншығар Дамир Қанатбекұлы оқу орнының атынан үлкен байқауларға қатысуда.  
    Студентіміз облыстық оқу орталығы және «Болашақ» университетінің жоғары колледжінің ұйымдастыруымен өткізілген А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлылықтың отын жаққан шырақшы» тақырыбындағы аймақтық колледж білім алушылары арасындағы жас ақындар мүшәйрасында көзге түсіп, ерекше өнер көрсетті. 
     Шәкіртімізді айтулы жетістігімен құттықтаймыз!